Талдықорған қ., Ескелді Би к-сі №224

+7 (7282) 41-86-62
almoblkardio@almoblkardio.kz

23 қыркүйек күні Талдықорғандағы облыстық кардиологиялық орталығында қолқа аневризмасы және аорталық қақпақшаның жетіспеушілігі кезінде жасалатын Бентал отасы, мастер-класс аясында өткізілді. Бұл жасалған отаның ерекшелігі, науқас қақпақшасы жасанды биологиялық қақпақшамен ауыстырылды. Осындай ота Жетісу облысында тұңғыш рет болды. Бұл отаны медицина ғылымдарының кандидаты, денсаулық сақтау саласының үздігі Альбазаров Әділжан Бауыржанұлы арнайы шақыртумен келіп жасады.


Сонымен қатар, мамандардың өзара тәжірибе алмасуы және кардиохирургия саласындағы маңызды сұрақтарды талқылау мақсатында, Қазақстан кардиохирургтарының алғашқы аймақтық дөңгелек үстелі өткізілді.